Президент бірнеше судьяны лауазымынан босатты

Президент  бірнеше судьяны лауазымынан босатты
Сурет: 7kun.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана, Алматы және екі облыстың сотында кадрлық өзгерістер жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

"Алматы бойынша: Бостандық ауданының № 2 аудандық сотының судьясы – Сырлыбаев Қанат Қадырұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату қажет екені  туралы Сот алқасының  шешімі бойынша;

Қызылорда облысы бойынша: Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы – Бекмамбетов Ғалымжан Вахитұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босату туралы сот алқасының шешімімен лауазымынан босатылсын”,- делінген Президент Жарлығында.

Қостанай облыстық сотының  төрағасы – Смолин Анатолий Сергеевич отставкаға кетуіне байланысты;

Астана қаласы Кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы -Кабиденова Динара Хакимовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымдарынан босатылды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы-Қыдырбек Қорғанбекұлы Әлхожаев қайтыс болуына байланысты, лауазымы босатылды.

“Астана қаласы бойынша: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – Марлен Малимгерейұлы Бекетов; Ақтөбе облысы бойынша: Ақтөбе қаласы соты – Марал Мырзахметқызы Омарова судья лауазымына тағайындалсын", - делінген Тоқаевтың Жарлығында.