Еліміздің азаматтары 3,7 триллион теңге зейнетақы жинағын баспана мен емделуге жұмсаған

Еліміздің азаматтары 3,7 триллион теңге зейнетақы жинағын баспана мен емделуге жұмсаған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Емделуге берілген 457 513 өтініш мақұлданған.

1 қазандағы мәлімет бойынша, қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу және емделу туралы 1,9 миллионға жуық өтініші мақұлданып, арнайы шоттарға 3,7 триллион теңгеге жуық қаражат аударылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.

Оның ішінде 1,4 миллион өтініш тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинағын пайдалануды қамтыды.

Сондай-ақ БЖЗҚ емделуді қарастыратын 391,79 миллиард теңгеге 457 513 өтінішті мақұлдады. Алынған орташа сома шамамен 0,86 миллион теңгені құрайды. Қазақстандықтар жолдаған өтініштердің 96%-дан астамы стоматологиялық қызмет алуды, 2,5%-ы офтальмологиялық қызмет алуды қарастырған. Зейнетақы жинағының 1%-дан аз мөлшері басқа медициналық салаларға жұмсалды.

Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша толық статистиканы Қор сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде көруге болады.