Қазақстан мен Ресей консулдық округтердің шекарасын қайта қарайды

Қазақстан мен Ресей консулдық округтердің шекарасын қайта қарайды
Сурет: интернеттен

Бұл өзгерістер екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Ресей консулдық округтердің шекарасын қайта қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ресей қазақтарының федералды ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраевтың сөзіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығы консулдық округінің құрамынан Маңғыстау облысының аумағы шығарылады.

Қазақстанның Астраханьдағы Бас консулдығының консулдық округіне Дағыстан, Ингушетия, Кабардин-Балқар, Қалмақия, Солтүстік Осетия-Алания, Шешенстан Республикасы, Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкелері кіреді. Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтары алынып тасталды.

Түсіндірме хатта енгізіліп жатқан өзгерістер Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретіні аталып өткен.

Ибраев Ресей тарапының Оралда және Қазақстан тарапының Астрахань қаласында консулдық ашатыны туралы келісімге 2000 жылы қол қойылғанын еске салды.

Құжат тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастырады.