Түркістанда да ту көтерілді

Түркістанда да ту көтерілді
Cурет: Inform.kz

Түркістанда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті.

Түркістандағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алдымен Әнұран шырқалып, көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары қатысты.
Түркістандағы ту тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр.

Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, отаншылдықты дәріптейтін әндер шырқалды. Іс-шара «Көк тудың желбірегені» әнімен түйінделді. Көпшілік бір-бірін мерекемен құттықтады.