Елімізде құрылыс қарқыны төмендеді

Елімізде құрылыс қарқыны төмендеді
almaty-akshamy.kz

Экономика министрінің айтуынша, 2022 жылы 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға төмен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

"Бір жыл ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4%-ға ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 18 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында байқалды. 2022 жылы 15,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға кем", – деді министр. 

Әсіресе, көрсеткіштің төмендеуі Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында пайдалануға берілген тұрғын үй санының азайғандығы есебінен болып тұр.

"Басқа 14 өңірде оң өсу тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында байқалды", – деді министр.