Алматыда бір тәулікте 158 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматыда бір тәулікте 158  жол-көлік оқиғасы тіркелді
om1.ru

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Халықты жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және мұқияттылықты арттыруға шақырамыз.  Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді", - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.

Алматы ПД ЖПҚБ кезекші бөлімінің мәліметінше, өткен тәулікте қалада 158 ЖКО тіркелді,  25 адам жарақат алған. Қайтыс болғандар жоқ.