Елімізде келмеске кеткен Кеңес одағын әлі де аңсайтындар бар ма?

Елімізде келмеске кеткен Кеңес одағын әлі де аңсайтындар бар ма?
Сурет: Facebook желісінен

Өткеннің келмесіне кеткен күндерді аңсайтындар әлі де арамызда бар сияқты...

Бұлай деуге жақында еліміздің солтүстігінде орыс тілінде шығатын «Северный Казахстан» газетінің айқара бетінде жарияланған жазбалар себеп болып отыр. Онда бүгінгі ұрпақ мүлде танымайтын, түсінбейтін жат түсініктер: «комсомол», «ВЛКСМ» деген сөздерге толы тарих қойнауына кеткен күндерін  сағынған жандардың жүрекжарды пікірлері беріліпті.

Бұл туралы Facebook қолданушысы Меруерт Кеңесбекқызы өзінің парақшасында жариялаған.

«Елдің солтүстігінде шығатын «Северный Казахстан» газеті айқара бетін аңсауға толы мақалаға толтырыпты. ВЛКСМ- мемлекеттік мереке ме еді?» - деген пікір қалдырыпты жазба иесі.

Жазбаның соңындағы пікірлер бөлімінде автордың «мынадай түсініктегі пенделер барда біздің ел болуымыз қиын-ау...» деген кейістігі де байқалады.

Елімізде осыған ұқсас жағдайлар қылаң беріп беріп жүргені бірінші рет емес.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурыз күні Петропавлдағы колледждердің бірінде бір топ адам жиын өткізіп, «халық кеңесін» құрғанын мәлімдеді. Жиналғандар ұйым құрып, өздерін елден егемен ұйым ретінде жариялайтынын айтқан еді.

Алынған материалдар бойынша сот психологиялық-филологиялық сараптамасы жүргізіп, оның қорытындысы бойынша материалдарда Қазақстан Республикасын ыдыратуды насихаттау, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, оның аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттау белгілері бар екенін айтқан болатын.

Ал «Северный Казахстан» басылымы нені сағынып жүр?