Жыл басынан бері жұмыртқа бағасы 14%-ке өскен

Жыл басынан бері жұмыртқа бағасы 14%-ке өскен
Сурет: Самат Құсайынов

Жыл басынан бері өсім 14%-ке жетті.

Өнім бағасы әсіресе ел шығысында шарықтап тұр. Абай облысында 6, Шығыс Қазақстанда 8%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Өскеменде жұмыртқаның 10 данасы 750 теңгеге дейін жетті. Жалпы аймақта өнім өндірілмейді. Сол себепті шекаралас облыстардан және Ресейден тасымалданады.

«Бөлшек саудада бағасы 600-630​ теңгені құрайы. Бүгінгі күні операторлардың айтуы бойынша, бағаның қымбаттауы маусымдық сипатқа және құс фабрикаларында бағаның қымбаттауынан және облыста өз өніміміздің жоқтығынан», - дейді  ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра ​Жылқыбаева.

Жұмыртқа бағытында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары бар облыстардың  өзінде жағдай мәз емес. Мысалы, Ақмола облысында өткен жылмен салыстырғанда жұмыртқа 3%-ке дейін кем өндірілген. Қостанайда тіпті 11%-ке азайған. Батыс Қазақстан мен Жамбыл да көрсеткіш шамамен осындай. Тек Қарағандыда ғана ілгерілеу бар. Өндіріс өткен жылғыдан 9%-ке артқан.