Әлемдік нарықта алтын бағасы өсіп жатыр

Әлемдік нарықта алтын бағасы өсіп жатыр
el.kz

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша зергерлік бұйымдардың құны 23,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бұл алдыңғы 3 жылдағы көрсеткішпен тең. Яғни, 2019-2021 жылдары жалпы өсім 25%-ды құрады. Бұған себеп - әлемдік нарықтағы алтын бағасының өсуі. Бір грамм бағалы металдың ресми құны ақпан айының ортасында 25 мың теңге шамасында болса, 10 наурызға қарай 33 мың теңгеден асып кеткен.

Бағаға ықпал еткен екіншісі себеп – сұраныстың артуы. Ал бұл, әлбетте, 8 наурыз мерекесімен байланысты.  Наурыз айының басында теңге бағамы құлдырады, доллар сатып алу мүмкін емес еді. Мұндай жағдайларда зергерлік бұйымдарды инвестициялау құралы ретінде қарастыруға болады.  

Бір ескеретін жайт, шетел валютасы мен алтын құймаларды Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруға шектеулер қойылған. Бұл шектеулер  зергерлік бұйымдар мен сағаттарға қатысты емес.