Петропавлдағы сепаратизм ісі бойынша аумақтық тұтастықты бұзуды насихаттау белгілері анықталды

Петропавлдағы сепаратизм ісі бойынша  аумақтық тұтастықты бұзуды насихаттау белгілері анықталды Сурет: Turkystan.kz

Психологиялық-филологиялық сараптама нәтижесі туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.


Сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының үш тұрғынының мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі» құрылғаны жөніндегі видеоны əлеуметтік желілерде орналастыру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігімен (сепаратистік қызмет) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Сол күні құқық қорғау жəне арнайы мемлекеттік органдардың тəжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Іс бойынша процесс прокурорлары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Алынған материалдар бойынша сот психологиялық-филологиялық сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша материалдарда Қазақстан Республикасын ыдыратуды насихаттау, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, оның аумағының тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттау белгілері бар», - деп жазылған жауапта.  



Сондай-ақ, Бас прокурор қылмыстық іс бойынша 3 фигурантқа қатысты Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланғанын еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21