Дүкен сөресіндегі тауарды сындырып алсаңыз, не істейсіз?

Дүкен сөресіндегі  тауарды  сындырып алсаңыз, не істейсіз?
Сурет: интернеттен

Кассаға барып бірден ақшасын төлейсіз бе?

Егер нақты не істейтініңізді білмейтін болсаңыз, мамандардың мына пікіріне құлақ асыңыз.

Тұтынушылардың құқығын қорғаушы мамандардың айтуынша, егер дүкендегі сөреден бір тауарды алып жатқанда жанында тұрған екінші зат абайсызда құлап түсіп, сынып қалса, ол сіздің кінәңіз емес. Себебі тауар сөреге дұрыс орналастырылмаса, еден тайғанақ болса, дүкендегі сөрелердің арасы тар болса, бұған дүкен иесі жауапты.

Өзіңіздің кінәлі емес екеніңізді біліп тұрсаңыз, онда дүкен әкімшілігінен бүлінген тауар бойынша АКТ жасауын сұраңыз. Сынған тауарды суретке түсіріп алыңыз. Сол жерде бірден төлем жасатуға дүкен иесінің құқығы жоқ.

Ал егер өзіңіз ұстап тұрған тауарды қолыңыздан түсіріп бүлдіріп алсаңыз, онда ақысын өтеу керек болады. Бірақ барлығы заңды құжат арқылы төлену керек. Өз құқыңызды қорғай біліңіз!