Журналист Владимир Рерих қайтыс болды

Журналист Владимир Рерих қайтыс болды
Сурет: интернеттен

Ол Берлин қаласында тұратын еді.

Бұл туралы Дана Нұржігіт өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! – деп жазды Дана Нұржігіт.

Еуразия медиафорумының бұрынғы бас продюсері Владимир Рерих 1958 жылы Талдықорғанда туған. Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Қазақстандағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек еткен.

2012 жылы Германияға көшіп кеткен.