Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен бірге ән шырқады

Димаш Құдайберген  Пласидо Домингомен бірге ән шырқады
Сурет: скриншот

Ән шырқаған сәтті Димаш өзінің Инстаграмдағы парақшасында  жариялады.

Аты аңызға айналған тенор Пласидо Доминго Еуропалық виртуоздар байқауындағы кездесуде Димашты дуэт айтуға шақырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Кешегі эфирдің көрсетілімінде Будапештте өтіп жатқан байқаудың шымылдығын Пласидо атамызбен Жорж Бизенің “Pearl fishers” операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындаған болатынбыз. Толық нұсқасы менің YouTube арнамда», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.