Доллар қайта қымбаттады

Доллар қайта қымбаттады
Сурет: интернеттен

7 қарашадағы доллар бағамы - 464,49 теңге болды.

KASE-нің мәліметі бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,89 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 464,49 теңге болды.

Ұлттық банктің 7 қарашаға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 462,46 теңге, Ресей рубліне – 5,01теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 464,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 467,5 теңге.

Ал Астана қаласында 465 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 469 теңге.

Ресей рублі 4,95 – 5, 01 теңге аралығында құбылып тұр.