Ертең ауа райы қандай болады?

Ертең ауа райы қандай болады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Синоптиктер 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, антициклон сілемінің әсерінен республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде циклондық желдің және атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, жел күшейеді", – деп хабарлады синоптиктер.

Қазақстанда тұман түсіп, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +9+11°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +17+19°С.