Алматыда жақында тағы 2 метро стансасы іске қосылады

Алматыда жақында тағы 2 метро стансасы іске қосылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда таяу күндері екі метро – «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» стансалары іске қосылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz қалалық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Т.Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайрық ашылды. Абай даңғылы бойымен Бауыржан Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін, одан әрі қаланың батыс шекарасына дейін көптен күткен жол қолданысқа берілді. Таяу күндері екі метро станциясының  - «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» техникалық іске қосылуы болады, - деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.