Атақты «Титаниктің» жаңа нұсқасы үлкен экрандарда көрсетілмек

Атақты «Титаниктің» жаңа нұсқасы үлкен экрандарда көрсетілмек
Сурет: Film.ru

Картинаның халықаралық шығарылымы 10 ақпанға жоспарланған.

Джеймс Кэмеронның атақты «Титаник» фильмі үлкен экрандарға қайта оралады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл фильмнің жарыққа шыққанына 25 жыл толды. Осыған байланысты оны кинотеатрларда 3D 4K HDR форматында және жоғары кадр жиіліктерінде қайта көрсету туралы шешім қабылданған. Paramount Pictures фильмнің жаңартылған нұсқасының трейлерін көпшілік назарына ұсынды.