Республикалық маңызы бар жолдар шетінен ашылып жатыр

Республикалық маңызы бар жолдар шетінен ашылып жатыр
Сурет: Elorda.info

Тек Ақтөбе өңірінде әзірге жолдар жабық.

Ауа райы біртіндеп қалпына келуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Дәл қазір Ақтөбе өңіріндегі «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі учаскесінен басқа күрежолдардың бәрі ашық.

«Республикалық маңыздағы тасжолдарда қысқы күтіп ұстау жұмысын атқаруға 611 арнайы техника жұмылдырылды», –  деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясынан.