«Қазпоштаның» өңірлік филиалдарының бірінде 200 млн теңге жымқырған

«Қазпоштаның» өңірлік филиалдарының бірінде 200 млн теңге жымқырған Сурет: ашық дереккөз


Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды




«Қазпошта» АҚ ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, компанияның өңірлік филиалдарының бірінен ірі заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, қызметкерлер 2019-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын қаржылай заңбұзушылыққа жол берген.


Тексеру материалдары процессуалды шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ залал келтірілген соманы өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.



«Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.



Аталған баптың санкциясы негізінде күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56