Дмитрий Попко қарсыласын еш қиындықсыз ұтты

Дмитрий Попко қарсыласын еш қиындықсыз ұтты
Zakon.kz

Буэнос-Айресте (Аргентина) Челленджер сериясындағы турнирі (топырақ төсеніші) өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жекелей сында жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дмитрий Попко (417 ATP) бразилиялық Жоао Фонсеканы 6:2, 6:4 есебімен еш қиындықсыз ұтты.

Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Дмитрий Попко екі эйс пен төрт қос қателік жасады және сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисші шешуші ойында Перу өкілі Гонсало Буэноға (415 ATP) қарсы ойнайды.

Айта кетейік, екі ойыншы да іріктеу арқылы финалға дейін жетіп отыр.