Тұғырлы тұлға

Тұғырлы тұлға  Сурет: Zakon.kz

Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл 


Көпшілік саясаткердің рухына тағзым етіп, оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға жиналды. Жиналғандар арасында белгілі саясаткерлер мен танымал тұлғалар, түрлі партия мен қозғалыстың өкілдері, депутаттар, жазушылар, әншілер және басқалары бар.


Жиынға арнайы келген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли ҚР Президентінің хатын оқып берді.



«Құрметті қауым! Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы - осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру - ұрпақ парызы. Осы орайда. Зәкеңнің туған жері - Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын. «Тарих - таразы» деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деген Мемлекет басшысының хатында.




Жиналғандар Заманбек Нұрқаділов туралы жылы естеліктер айтты.  






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16