Димаш STRANGER әлемдік турнесін Гонконгте жалғастырады

Димаш  STRANGER әлемдік турнесін Гонконгте жалғастырады
Сурет: Dimashnews.com

Әнші Димаш Құдайберген 23 желтоқсанда Гонконгта жеке концертін өткізеді.

Концерт STRANGER әлемдік турнесі аясында өтпек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы әншінің жеке сайтында хабарланды. 

«2023 жылдың 23 желтоқсанында Димаш STRANGER әлемдік турнесінің аясында Гонконгта жаңа жеке концертін өткізеді. Бұл күннің Димаштың шығармашылық өмірінде маңызы зор. Дәл осы күні, 7 жыл бұрын қазақстандық әнші «I am Singer» жобасына қатысу үшін Қытайға алғаш рет барып, Dears-пен бірлескен сапары басталды. Билет сатылымының басталуы туралы ақпарат жақын арада белгілі болады. Жаңалықтардан хабардар болыңыздар», - деп жазылған хабарламада.

Ауқымды шоу 20:00-де Гонконг көрме орталығында, HALL 5BC-де өтеді.