Данияр Елеусінов бокстағы мансабына кім кедергі келтіргенін айтты

Данияр Елеусінов бокстағы мансабына кім кедергі келтіргенін айтты
Сурет: Ашық дереккөзі

Бұған дейін боксшы әлем чемпионы атағынан айрылғанын болатын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов мансабына менеджерлер кедергі келтірді деп санайды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

31 жастағы спортшы әлемге әйгілі бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істей бастады. Елеусінов екі жылда бір ғана жекпе-жек өткізді, бірақ бұл жекпе-жек чемпиондық белдесу болған болатын. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды, титулынан айрылды, деп жазды Sports.kz.

«Бұл - менің менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартты. Содан кейін мені жекпе-жекке шығармай ұстады», - деді Елеусінов.

Соңғы жекпе-жегінде Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-1, 4 КО) жеңді.

Бұған дейін боксшының әлем чемпионы атағынан айырылғанын хабарлаған болатынбыз. Артынша Данияр Елеусінов бокс онша ұнамайтынын айтып, спорттық мәнсабын аяқтауына байланысты пікір білдірді.