Бес елде Қазақстанның сауда өкілдіктері құрылады

Бес елде Қазақстанның сауда өкілдіктері құрылады
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстан бес мемлекетке қосымша 4 млрд долларға дейін экспорт жасай алады.

Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қытай, Түркия, БАӘ, Үндістан және Иран елдерінде Қазақстанның сауда өкілдіктерін құру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Халықаралық тәжірибе экспортты сауда өкілдері арқылы ілгерілетудің тиімді екенін көрсетіп отыр. Қазақстанның Азия мен Еуропа нарығына жасайтын экспорт көлемін арттыруға мүмкіндігі мол. Осыған байланысты Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Түркия, Үндістан және Иран сияқты елдермен жұмыс істейтін сауда кеңесшілерін тағайындау мәселесі пысықталып жатыр», - деді Премьер-Министр.

Оның сөзінше, Қазақстан аталған бес мемлекетке қосымша 4 млрд долларға дейін экспорт жасай алады.

«Экспортты одан әрі қолдай түсу үшін, аталған елдердегі сауда өкілдіктерін құруды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов алқа отырысында.