Бүгін доллар бағасы күрт көтерілді

Бүгін доллар бағасы күрт көтерілді
Сурет: интернеттен

Мұнай бағасы да көтерілді.

KASE-нің мәліметінше, доллардың орташа бағамы бірден 5,72 теңгеге көтеріліп, 482,77 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,94 теңгеге дейін өсті (+0,88).

Еуро бағамын Ұлттық банк 505,27 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 481-484 теңге, еуро 508,5-512,5 теңге, ресей рублі 4,87-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 27 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.