Жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынды

Жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынды
mag.auto.ru

АҚШ-тың Калифорния штатында жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Әуе ресурстары жөніндегі аймақтық кеңес осындай шешім шығарған. Сонымен қатар 2035 жылға қарай зауыттар экологияға зиянды көлік өндіру көлемін қысқартуға тиіс.

Мәселен, 4 жылдың ішінде автоөндірушілер ауаға ешқандай залал келтірмейтін көліктердің үлесін 35 пайызға жеткізбек. Бұл шаралар климат өзгерісінің теріс салдарымен күресуге бағытталған.

Алайда электрлі көліктерді көбейтуге кедергі көп. Ең басты тосқауыл - штат бойынша қуаттау бекеттері әлі де жеткіліксіз. Десе де, Калифорния штаты 2045 жылға дейін 100 пайыз баламалы энергия қолданатын көліктерге көшу мақсатын қойған.

Енді бұл жоспар Үкімет деңгейінде бекітілуі керек.