850 орындық жеке білім беру мектебі ашылады

850 орындық жеке білім беру мектебі ашылады

Мектептердегі орын тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мектептердегі орын тапшылығын азайту мақсатында қыркүйек айында Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық «Prometheus school» жеке білім беру мектебін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

№ 15 гимназияны сейсмикалық тұрғыдан күшейтіп, күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жұмыстар ендігі жылдың шілде айында аяқталады.

Қарашада №16 мектептің 350 орындық қосымша құрылысының жобалық құжаттамасын жасап бастаймыз (сараптамасы 2023 жылы қарашаға, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы наурызға есептелген).

«Өткен кездесуде №136 және 58 мектептердің жағдайына қатысты мәселе көтерілді. 2023 жылдың шілдесіне дейін осы мектептер күрделі жөндеуден өтіп, сейсмикалық күшейтуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді», - деді мегаполис басшысы Е. Досаев халықпен кездесуде.