Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады
Сурет: Самат Құсайынов

«Қазгидромет» РМК 28-30 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болмақ. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел тұрады деп күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы әлі де сақталады.

Түнде және таңертең елдің солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі.

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 градус, таулы аудандарда 8-13 градус шамасында болмақ.