15 жыл Президенттің оққағары болған

15 жыл Президенттің оққағары болған
Сурет: Facebook.com

Ғұсман Аймұханбетұлы Жапаров есімін біреу білсе, біреуге таныс емес болар.

Бұл кісі ішкі істер саласы мен мемлекеттік күзетке еңбегі сіңген жерлесіміз, Президент Гейдар Әлиевтің қасында жүріп он бес жыл бойы оққағары болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Ғұсман Жапаровтың есімі Әзербайжанда «Осман Паша» деген атпен әйгілі болған. Жерлесіміз тірі болғанда биыл 100 жасқа толар еді. Өзінен кейін қалған екі қызы Бакуде тұратын көрінеді.
Жақында Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел бастаған топ  Ғұсман Жапаровтың басына барды. Немере-жиені Марат Жапаров атасының зиратына келіп, әулеті атынан ризашылдығын білдірді.