Қала басшысына айтарыңыз бар ма?

Қала басшысына айтарыңыз бар ма?
Сурет: Kazakhstan Today

Алматы әкімінің Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу уақыты белгіленді.

Мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі 14 сәуірде сағат 15.00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайда орналасқан Бас жоспардың ғимаратында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімінің халықпен кездесуi Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің (тоқсан ішінде 8 кездесу) және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (ай сайын 1 кездесуден) бекітілді.

Жылдық күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін барлығы кем дегенде 48 кездесуге дейін өткізу қарастырылған (24 – қала әкімі, 24 – аудан әкімі).

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі 14 сәуірде сағат 15.00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайда орналасқан Бас жоспардың ғимаратында өтеді.

Сәуір айында, кестеге сәйкес, аудан әкімдерінің халықпен 9 кездесуі өтеді.