Алматыда көпжылдық ағаш құлады

Алматыда көпжылдық ағаш құлады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда адамдар көп жүретін көшеде көпжылдық ағаш құлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жел тұрып, жаңбыр жауған жоқ. Ауа райы қолайлы. Десекте Масаншы мен Шевченко көшесінің қиылысында түбі шіріген көпжылдық ағаш құлады. Абырой болғанда ағаш құлаған жерде  ешкім болмаған. Әйтпесе, дәл осы көшелердің қиылысында студенттер лек-легімен жүретін.