Алматыда дәстүрлі музыка фестивалі өтті

Алматыда дәстүрлі музыка фестивалі өтті
Суреттер: Қайрат Қоныспаев

Алматыда «Дәстүрлі әуен» фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Орталық мәдениет және демалыс саябағында алматылықтар мен қала қонақтары дәстүрлі ән тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Бұл фестиваль бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ. Дәстүрлі әндердің жанды дауыста орындалатыны белгілі. Сол себепті де осы өнердің тыңдармандары бұл күнді асыға күткен сияқты.

Бұл фестивальдің ерекшелігі - бір сахнада жаңа шыққан әуендер мен танымал композициялар да орындалады. Бүгінгі музыка мерекесі де одан тыс қалған жоқ. Сахнада Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, Кенен Әзірбаев және дәстүрлі қазақ музыкасының алтын қорындағы басқа да көптеген авторлардың шығармалары шырқалды. Дәстүрлі музыка сүйер қауымның алдында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар ансамблі, сондай-ақ балалар шығармашылық ансамбльдері мен  жеке орындаушылар да өнер көрсетті.

Музыкалық фестивальдің басты мақсаты - Ұлы Даланың мәдени мұрасын, дәстүрлі музыканы насихаттау. Ең бастысы, белгілі композиторлардың музыкалық шедеврлерін орындай отырып, жас музыканттар ұрпақтар сабақтастығын көрсетті.

Фестиваль соңында оның барлық қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.