Қазақстанның Жоғарғы Соты Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады

Қазақстанның Жоғарғы Соты Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады
Сурет: Kaztag.kz

Журналистер толығымен ақталды.

Қазақстанның Жоғарғы Соты республикаға танымал журналистер Сейітқазы және Әсет Матаевтарды толғымен ақтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kaztag.kz сілтеме жасап. 

Жоғарғы Сот сейсенбі күнгі отырысында Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсаны күні шыққан үкімін жойды. Судья үкімді оқи отырып, Матаевтардың толығымен ақталғанын және қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді. 

Еске салайық, Сейітқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталған болатын. Қылмыстық қудалау ҚазТАГ агенттігін рейдерлік жолмен басып алу әрекетімен қатар жүрді. 

Сонымен қатар, Қазақстанда да, шетелде де саяси астары бар деп танылған іс бойынша Матаевтардың кінәсі тағылған айыптардың ешқайсысы дәлелденбеді, алайда бұл Қазақстан сотының айыптау үкімін шығаруына кедергі бола алмады.  

Сонымен бірге Матаевтарды тапсырыс бойынша қудалауға қатысушылардың ешқайсысы бұл үшін әлі жазаланған жоқ. 

2022 жылдың 5 шілдесінде Өтебеков Бас прокуратура Матаевтарға қатысты әділетсіз үкімге наразылық бергенін хабарлады. 6 шілдеде Өтебеков жағдайға түсініктеме бере отырып, Әсет Матаев ісін қайта қарауды қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырды. 

8 шілдеде Сенат пен Мәжілістің бірқатар депутаттары Матаевтардың толық ақталуына үміт артып, тиісті мәлімдемеге қол қойғаны белгілі болды. 9 шілдеде Қазақстанның БАҚ өкілдері Матаевтар өздеріне қатысты әділетсіз ойдан шығарылған қылмыстық іс бойынша толық ақталуына сене алады деген жаңалыққа құлшыныспен және оптимистік көзқараспен қарағаны хабарланды.