АҚШ-та Юлия Путинцева Елена Рыбакинаны жеңіп кетті

АҚШ-та Юлия Путинцева Елена Рыбакинаны жеңіп кетті
Cурет: Olympic.kz

Кездесу 1 сағат 59 минутқа созылған.

АҚШ-тағы BNP Paribas Open турнирінде Юлия Путинцева отандасы Елена Рыбакинаны жеңді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемнің 43-ші ракеткасы Путинцева әлемдік рейтингте 16-шы орында тұрған Рыбакинаны 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңді. 
Айта кетелік, бір жыл бұрын Римде өткен турнирде де Юлия Путинцева жеңіске жеткен болатын. 
Келесі кезеңде қазақстандық теннисші латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.