Қазақ-Қытай шекарасы жабылады

Қазақ-Қытай шекарасы жабылады
Сурет: ашық дереккөз

 29 қыркүйекте де бекет жұмысы шектеледі.   

Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында  автомобиль өткізу пунктерінде жеке тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктері өткізілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

"Бірақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", – деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі.