Түркістан облысындағы су басқан елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Түркістан облысындағы су басқан елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Юрий Ильин Түркістан облысының су басқан аудандарын әуеден бақылады.

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және мүдделі ұйым өкілдері Түркістан облысында әуеден барлау жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ТЖМ телеграм каналына сілтеме жасап.

Сауран ауданының аумағына, Қаратау беткейіне және Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында бұған дейін су басқан елді мекендерге аэровизуалды шолу жасалды.

Әуеден барлау жұмыстарынан кейін министр жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ. Дегенмен құтқару бөлімшелері атқарушы органдармен бірлесіп, қосымша алдын алу шараларын қабылдап жатыр.