Азиада формасы сапасыз ба?

Азиада формасы сапасыз ба?
Сурет: prosports.kz

Бұған дейін де олимпиадаларда форма туралы сын пікірлер айтылып жүрген.

Тағы бір спортшымыз Азиадаға арнап тігілген киімнің сапасыздығына шағымданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жолы қазақстандық киберспортшы Әнуар Халықбергенов аяқ киімінің жарыстың екінші күні-ақ жыртылып қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, спорттық үлгіде тігілген форманың кей түрі бірінші күні-ақ жыртылып қалған.

«Бәрі бірінші күні-ақ жыртылып, жиырылып, сөгіліп қалды. Көбі менен шынымен сапасы сын көтермей ме деп, форма жайлы сұрап жатыр. Иә, расымен солай. Тек үстімдегі поло ғана аман қалды. Қалғанының бәрі бірінші күні-ақ жыртылып, жиырылып, сөгіліп қалды. Ал берген шортылары мен киетін өлшемнен 10 есе үлкен шығар, оны да кие алмадым, - деді спортшы.