Pfizer қашаннан бастап ақылы болады?

Pfizer қашаннан бастап ақылы болады?
Сурет: Kt.kz

Алдымен вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Pfizer вакцинасының құны бойынша айтсақ, біз Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіп жатырмыз. Қажеттілікті анықтау үшін тізімдер жиналуда. Қазір Алматыдағы емханалар халықтың сұранысын зерттеп жатыр. Вакцинаның жарамдылық мерзімі бар екенін түсіну керек. Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды. Нұр-Сұлтан қаласында да осындай жұмыстар жүріп жатыр. Қазір барлық жерде, өңірлердің бәрінде осы іс жолға қойылған. Нақты қанша доза қажет, қанша азамат ақылы негізде вакцина алғысы келеді? Осыны анықтағаннан кейін ғана нақты қанша вакцина жеткізу керектігі анық болады. Мен Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатынын әлі нақты айта алмаймын, бірақ жақын арада деуге негіз бар. Бұл мәселені біз тұрақты түрде талқылап жатырмыз, мәселе пысықталуда», - деді Алексей Цой.