Еуропаның тау-шаңғы кешендері қаңырап бос тұр

Еуропаның тау-шаңғы кешендері қаңырап бос тұр Cурет: Ntdtv.ru

Себебі қар жоқ. Желтоқсанда жауған қар күннің күрт жылынуынан еріп кеткен.


Еуропаға субтропикалық елдерден келген ыстық ауа райы Германия, Франция, Швейцария, Польша мен Чехияның қыстық туризмін кірістен қақты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ауаның температурасы +19-ға көтерілгендіктен, бір ғана Францияның өзінде 7500 тау-шаңғы трассасының тең жартысы жабылды. Қар болмаған соң, Польша билігі трамплиннен секіруден өтетін халықаралық жарысты кейінге шегерді.


Пайдадан қағылғысы келмеген кей демалыс орындары шаңғының орнына тау велосипедтерін жалға берсе, енді бірі жасанды қардан жол төсеп, туристерді ұстап қалуға барын салып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49