Президент бірқатар заңдарға қол қойды

Президент бірқатар заңдарға қол қойды
Сурет: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар  заңдарына қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған дерек көзіне сілтеме жасап.


«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мына заңдарына қол қойды: ҚР «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» заңы; ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы», -делінген ресми сайттағы хабарламада.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.