Болашақта отандық мамандарды даярлау мектеп қабырғасынан қолға алынады

Болашақта отандық мамандарды даярлау мектеп қабырғасынан қолға алынады
Сурет: 24.kz

«Жаңа мамандықтар атласы» пилоттық жобасы ойдағыдай іске асып жатыр

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Оның айтуынша, Павлодар облысында «Жаңа мамандықтар атласы» бойынша пилоттық жоба апробациядан сәтті өтіп жатыр.

 «Мен өткенде Павлодарға арнайы барып келдім. Бәрін қазір қарастырып, бүкіл Қазақстан бойынша тарататын боламыз. Ол жердегі негізгі сұрақтар мектептен басталады. 7 сыныптан бастап, балаларды дайындауымыз керек. Ол жерде ата-аналар дайындалу керек. Ата-аналар ғана емес, сол өңірдегі ірі компаниялар дайындалу керек. Болашақта оларға кімдер келеді? Германияда, мысалы, ата-аналар да, балалар да болашақта баласының кім болатынын мектеп қабырғасында жүргеннен бастап біледі», - дейді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.