Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
сурет: Inform.kz

«ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2021 жылғы 15 тамызда Алматы уақытымен 12 сағат 52 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 97 шақырым жерде Алматы облысы Іле ауданының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.1.
MPV магнитудасы 4.5.
Эпицентрдің координаттары 43.99° с.ш. 76.38° в.д.
Тереңдігі 15 шақырым.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Құрты ауылы 2 балл.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.