Алматыда «Сау жүргізуші» қызметін көрсеткен адам көлік ұрламақ болған

Алматыда «Сау жүргізуші» қызметін көрсеткен адам көлік ұрламақ болған
Сурет: Inform.kz

Қалада көлік ұрлап бара жатқан адам видеоға түсіп қалды

Дегенмен, ұры қашып құтылған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаскөй көлікті ұрлап бара жатқан сәтінде көлік иесі оған бөгет жасамақ болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Ол көліктің капотына секіреді. Бірақ оның үстінде көп тұра алмай, жерге құлайды. Кейін қылмыскер көлікті алысқа апармай, тоқтатып, одан шығып жасырынып үлгерген. Шағымданушының сөзінше, оған «сау жүргізуші» қызметін көрсеткен адам көлігін ұрламақ болған.

«Полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабында қарастырылған қылмыс бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мән-жай анықталып жатыр. Күдіктіні іздеу жалғасуда», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.