Бокстан әлем чемпионатына байкот жариялаған елдер қатары толығып жатыр

Бокстан әлем чемпионатына байкот жариялаған елдер қатары толығып жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері 2023 жылғы әлем чемпионатына бойкот жариялады

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жеті бокс федерациясынан алдағы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қарсы бойкот жариялағаны туралы хабарлама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оған себеп - Ресей мен Беларусь боксшыларының 2023 жылғы әлем чемпионатында өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат берілуі.

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері 2023 жылғы әлем чемпионатына бойкот жариялады. Содан кейін бұл акцияны Чехия, Англия, Канада, Ұлыбритания және Ирландия бокс федерациялары қолдады. Ал бір күн бұрын олардың қатарына Швеция келіп қосылды. Швеция бокс қауымдастығының басшысы Пер-Аксель Шехольм егер ресейлік және беларусь спортшылары қатысатын болса, онда олар әлем чемпионатына қарсы жарияланған бойкотқа қосылатындарын айтты, деп хабарлайды SVT.

"Мұнда демократия да, ашықтық туралы да сөз жоқ. Біз IBA үндеуін қабылдамаймыз. Демократия мен ашықтық жоқ. Біз өзгерістер болу үшін бірнеше жыл талмай жұмыс істедік, бірақ нәтиже шықпады. Ресей мен Беларусь елдерін жарыстарға жіберіп, өз тулары астында өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешімді олар өздері қабылдады", - дейді Швеция бокс федерациясының президенті Пер-Аксель Шехольм.

Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты Үндістанда 15-31 наурыз аралығында, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанда өтеді.