Білікті мамандар даярлау маңызды

Білікті мамандар даярлау маңызды
almaty-akshamy.kz

Ел Президенті Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатында еліміздің стратегиялық дамуындағы білімнің маңызы ерекше айтылды. Яғни білім беру экономикамыздың, ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік сала дамуының іргетасы екенін атап өтті. Сондықтан  білім беру саласының дамуына бағытталған ұсыныстар өте орынды айтылды. Осы орайда, біздің Нұр-Мүбәрак университеті діни мамандар даярлайтын еліміздегі жалғыз ислами оқу ордасы екенін ескерсек, біз жоғары білім беру жүйесін жетілдірудің маңыздылығын түсінеміз және осы бағыттағы жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға ашықпыз. Инфрақұрылымды дамыту және студенттер мен оқытушыларға қолдау көрсету арқылы біз білім беру сапасын арттыруға ерекше мән берудеміз.

Президентіміз әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға, сондай-ақ жас ғалымдар мен инновациялық жобаларды қолдауға назар аударды. Бұл бізге де қатысты. Біз Президент Касым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға бағытталған ұсыныстарына қолдау білдірумен қатар, әрі қарай осы саладағы өзекті мәселелерге назар аударғым келеді. Біздің университеттің де мақсаты – білім берудің жаңа стандарттарын қалыптастыру арқылы әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесінде үлесті болу. Біз жаңа технологияларды белсенді түрде пайдалану арқылы оқыту процесін жаңғыртуды қалаймыз. Сонымен қатар, студенттердің және оқытушылардың зерттеу және әлеуметтік жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударамыз.

Біздің университет қазіргі заманғы қоғамның қажеттіліктеріне сай білім берудің жаңа модельдерін қалыптастыруға мән беруде. Біз болашақ мамандардың жаһандық кезеңде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіруген мән береміз. Сондай-ақ студенттердің жан-жақтылығы мен шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлі бағдарламаларды қолдауға ұмтыламыз.

Осы орайда, Президенттің білім беру саласындағы бастамалары біздің университеттің стратегиялық мақсаттарымен тығыз байланысты екенін атап өткім келеді. Біз әрбір студенттің білім алуға деген құқығын құрметтей отырып, сапалы және қолжетімді білім беруді ұсынуға бағытталған жұмысты жалғастырамыз.