Басым көпшілігі жастар екендігі қуантады - Бекжан Тұрыс

Басым көпшілігі жастар екендігі қуантады - Бекжан Тұрыс
Cурет: Сайлау 2023 ТГ

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бекжан Тұрыс өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Ол дауыс беруге келгендердің басым көпшілігі жастар екендігі қуантады дейді. 

«Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмай дауыс бердім. Бүгінгідей саяси науқаннан қалып кетпей өз таңдауымызды жасау әрбір қазақстандықтың міндеті. Дегенмен, сайлауға бейжай қарайтын азаматтар өздері бекітілген учаскеге келіп дауыс бермейді де, соңынан сайлау әділ өтпеді деп шағымданып жатады. Сондай келеңсіз жайттар орын алмас үшін әрбір азамат өз дауысын ұрлатпауы тиіс. Әділетті қазақстанды орнатуды мақсат етсек, өзімізден бастаумыз қажет. Депутаттыққа үміткер болып отырған азаматтардың басым көпшілігі жастар екендігі қуантады. Еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосатын азаматтарымыз сайлауда жеңіп шығуына тілектеспіз», - дейді Бекжан Тұрыс.