Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге келді

Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруге келді
Сурет: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс Парламент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Stan kz-ке сілтеме жасап.

Ол әдеттегідей өз таңдауын «Астана Операдағы» сайлау учаскесінде жасады.

Айта кетсек, осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні тұнғыш президент отставкаға кеткен еді. ⠀

Дауыс берген соң, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Журналистер сұрақ қоюға тырысқанымен, экс-президент оған мән бермеді.

Айта кетейік, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.