«Барыс» хоккейшілері осы айда 14 ойын өткізеді

«Барыс» хоккейшілері осы айда 14 ойын өткізеді
сурет:inbusiness.kz

Бірінші матч бүгін, 3 қаңтар күні, Магнитогорскінің «Металлургімен» өтеді.

 «Барыс» қаңтар айында 14 ойын өткізеді, соның 7 матчы өз алаңында өтеді деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Бірінші матч бүгін, 3 қаңтар күні, Астана уақытымен сағат 17.00 де Магнитогорскінің «Металлургімен» өтеді. 

12 қаңтарда «Барыс» Мәскеу қаласының «ЦСКА» командасымен, 14 қаңтарда Нижнекамскінің «Нефтехимик», 16 қаңтарда Новосибирскінің «Сибирь», 25 қаңтарда Череповецтің «Северсталь», 27 қаңтарда Челябинскінің «Трактор» және 29 қаңтарда Мәскеудің «Динамо МСК» клубтарымен ойнайды.

«Барыстың» сырт алаңда тағы 7 ойын өткізетіні жоспарланған. Атап айтқанда, 5 және 6 қаңтарда астаналық хоккейшілер Хабаровскінің «Амур», 8 және 9 қаңтарда Владивостоктің «Адмирал», 19 қаңтарда Челябинскінің «Трактор», 21 қаңтарда Екатеринбургтің «Автомобилист» және 23 қаңтарда Магнитогорскінің «Металлург» клубтарымен кездеседі.