Азия Кубогінде қазақстандық мергендер 5 медаль алды

Азия Кубогінде қазақстандық мергендер 5 медаль алды
сурет: https://www.instagram.com/askhat_oralov

Барлық жүлдені «скит» жаттығуында – дөңгелек стендте атудан жеңіп алды.

Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия Кубогінде қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия Кубогінде біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола. Барлық жүлдені «скит» жаттығуында – дөңгелек стендте атудан жеңіп алды», - деп жазды министр.

Шымкент қаласының мергені Ольга Панарина жекелей және Әсем Орынбай, Зоя Кравченко сынды спортшылардан жасақталған құрама командалық жарыста алтын алды.

Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников бастаған ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Бұл жолы Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола жүлдеге қол жеткізді.

«Қазақстан спортшыларының соңғы жетістіктері (мысалы, Әлем Кубогінің жалпы медальдық есебінде бірінші орын) кездейсоқтық емес екенін тағы да көрсетеді. Бұл – Париж Олимпиадасы қарсаңындағы сөзсіз зор қуаныш», - деді Асхат Оралов. 

Сондай ақ, министр өтіп жатқан турнир барысында біздің мергендер жеңіс тұғырына тағы бірнеше рет көтерілетініне сенім білдірді.