Автотұрақ бағасы 500 теңге болды

Автотұрақ бағасы 500 теңге болды
Сурет: ашық дереккөз

Өткен жылдың соңында Алматы халықаралық әуежайының басшысы орнын босатқан болатын. Әзірше орынға жаңа тағайындау болғаны жайында ешқандай ақпарат берілген жоқ. Дегенмен, бүгін Алматы әуежайы автотұрақ тарифін көтергені туралы ақпарат тарады. Тарифтердің көтерілуіне  тұрақ аумағына ұзақ уақыт тұратын көліктердің күн өткен сайын санының өсуіне себеп болса керек, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Енді, әуе айлағына күніне екі реттен көп емес 15 минутқа тегін кіре аласыз. Мұнан басқа шлагбаумнан әрбір өткеніңіз үшін ақы төлейтін боласыз. Сонымен:

  • 15 минуттан 1 сағатқа дейін – 500 теңге;
  • 1 сағаттан 2 сағатқа дейін – 700 теңге;
  • 2 сағаттан 4 сағатқа дейін – 1000 теңге;
  • 4 сағаттан 6 сағатқа дейін – 1500 теңге;
  • 6 сағаттан 12 сағатқа дейін – 2400 теңге;
  • 12-ден 24 сағатқа дейін – 3500 теңге;
  • 24 сағаттан астам, кейінгі толық және ішінара күндерге – 5 000 теңге.

Айтпақшы, билетті жоғалтып алсаңыз, тағы 500 теңге төлеуге тура келеді. Оңтүстік автотұрақ аймағындағы және АВК ғимаратының аумағындағы тарифтер өзгеріссіз қалады.